Салах жарақат алуына байланысты «Ливерпуль» сапындағы соңғы ойынын өткізген болуы мүмкін

«Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейк команда шабуылшысы Мухаммед Салахтың жарақатына қатысты өз ойымен бөлісті. Мысырлық жұлдыз Англия премьер-лигасы аясында «Кристал Пэласқа» қарсы өткен кездесуде алаңнан көз жасына ерік беріп кеткен болатын.
Бұл туралы Goal.com хабарлайды.
Бұл жағдай жанкүйерлер арасында Салахтың Мерсисайд клубындағы аңызға айналған мансабы мерзімінен бұрын аяқталды ма деген алаңдаушылық туғызды. Шабуылшының келісімшарты аяқталып жатқандықтан, бұл оның «Энфилдтегі» соңғы ойыны болуы мүмкін деген болжамдар бар.

Ван Дейк командаласының сауығып кетуіне және клубпен лайықты қоштасуына сенім білдірді. Қорғаушының айтуынша, Салах жарақаттан тез айығу қабілетіне ие және ол тағы бір мәрте «Ливерпуль» жейдесін киіп үлгереді.
Әзірге медициналық штаб футболшының сауығу мерзіміне қатысты нақты мәлімет берген жоқ. Салах осы маусым соңында командадан еркін агент ретінде кетеді деп күтілуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!