date

Салах наурыз айындағы ең үздік голдың авторы атанды

Салах наурыз айының ең әдемі голының авторы деп танылды

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах ағымдағы маусымдағы алғашқы жеке жүлдесін иеленді. Мысырлық футболшы наурыз айының қорытындысы бойынша команданың ең әдемі голының авторы деп танылды.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Салахтың «Галатасарай» қақпасына айып алаңының сыртынан бағыттаған соққысы клубтың ресми сайтындағы дауыс беру барысында бірінші орынды иеленді. Бұл гол Доминик Собослаидың «Тоттенхэм» қақпасына соққан добын артқа тастады.

Аталған жетістік Салахқа өзіндік рекорд орнатуға мүмкіндік берді. «Энфилд» стадионында соғылған бұл голдың арқасында шабуылшы Чемпиондар лигасындағы голдарының санын 50-ге жеткізді және бұл нәтижеге қол жеткізген алғашқы африкалық футболшы атанды.

Шабуылшы ағымдағы маусымда Англия Премьер-лигасында 5, Чемпиондар лигасында 3 және Англия кубогында 2 гол соғуға қол жеткізді. Үздік бестіктен, сондай-ақ, «Ливерпуль» әйелдер командасының мүшесі Сери Холландтың «Эвертон» қақпасына соққан голы да орын алды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Салах наурыз айындағы ең үздік голдың авторы атанды