date

Англия құрамасы өз алаңында Жапониядан жеңілді

Англия құрамасы өз алаңында Жапониядан жеңілді

Англия құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионаты алдында өз алаңындағы соңғы екі кездесуде күтпеген нәтижелер тіркеді. Томас Тухель шәкірттері Уругваймен тең ойнаса, Жапония құрамасына 0:1 есебімен жол берді.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

«Уэмбли» стадионына жиналған жанкүйерлер ойыннан кейін футболшыларды ысқырықпен шығарып салды.


Команда капитаны Харри Кейн, Деклан Райс, Джуд Беллингем және Букайо Сака сияқты көшбасшылардың жоқтығы Англияның ойынына кері әсерін тигізді. Тухель құрамда көптеген эксперименттер жасағанымен, бұл күтілген нәтижені бермеді.

Әсіресе, Кейннің орнын басатын шабуылшы мәселесі әлі де ашық қалып отыр.


Доминик Соланке мен Фил Фоден шабуыл орталығында өздерін көрсете алмады. Фоденнің «Манчестер Ситидегі» бабын ұлттық құрамада таныта алмай жүргені мамандардың сынына себеп болуда.

Ол Жапониямен өткен бәсекеде «жалған тоғыздық» міндетін атқара алмады және тиімділік танытпады.

Қорғаныс шебінде Гарри Магуайр қосалқы құрамнан шығып, ойынды күшейте алатынын дәлелдеді. Джон Стоунз жарақатына байланысты жиыннан кеткен тұста, Магуайрдың тәжірибесі Тухель үшін маңызды фактор болып қала бермек.

Ал қанаттағы қорғаушылар Бен Уайт пен Нико О'Рейли тұрақты ойын көрсете алмады.

Англия құрамасы маусым айында АҚШ-қа аттанады және ол жерде Коста-Рика мен Жаңа Зеландиямен жолдастық кездесулер өткізеді. 17 маусым күні Хорватияға қарсы өтетін Әлем чемпионатының басталуына дейін Тухель құрамдағы мәселелерді шешуі тиіс.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Англия құрамасы өз алаңында Жапониядан жеңілді