Симеоне: Хулиан Альварес «Арсеналға» қарсы ойында алаңға шығады

«Атлетико» бас бапкері Диего Симеоне Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Арсеналға» қарсы ойында жарақат алған Хулиан Альварестің жағдайы туралы мәлімет берді. Мадридте 1:1 есебімен аяқталған алғашқы кездесудің соңында аргентиналық шабуылшы алаңнан шығуға мәжбүр болған еді.
Бұл туралы Goal.com хабарлайды.
Альварес ойынның аяқталуына 13 минут қалғанда «Арсенал» жартылай қорғаушысы Эберечи Эземен соқтығысып, тобығынан жарақат алды. Алайда Симеоне ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында жағдайдың күрделі емес екенін атап өтті.
Бапкердің айтуынша, Альварес, сондай-ақ жеңіл жарақат алған Джулиано Симеоне мен Александр Сёрлот сейсенбі күні Лондонда өтетін қарымта кездесуге қатысады. «Олардың барлығы сейсенбі күні алаңға шығатынына күмәнім жоқ», - деді Симеоне.
«Атлетико» қарымта ойын алдында Испания чемпионатында «Валенсияға» қарсы ойнайды. Бұл кездесуде негізгі ойыншыларды сақтау мақсатында құрамда өзгерістер болады деп күтілуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!