date

«Ювентус» клубы «Марсель» шабуылшысы Мейсон Гринвудты трансферлемекші

«Ювентус» клубы «Марсель» шабуылшысы Мейсон Гринвудты трансфер етпекші

«Ювентус» жазғы трансфер терезесінде «Марсель» шабуылшысы Мейсон Гринвудты өз қатарына қосып алуды жоспарлап отыр. Туриндік клуб осы трансфер арқылы команданың шабуыл шебін күшейтпекші.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Гринвуд Франциядағы мансабы кезінде тамаша нәтижелер көрсетті. Ол соңғы екі маусымда 64 ойынға қатысып, 36 гол соғуға қол жеткізді.

Ал ағымдағы маусымда 29 кездесуде 15 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

«Марсель» қазіргі таңда чемпионатта алтыншы орында тұр. Егер команда Чемпиондар лигасына жолдама ала алмаса, қаржылық жағдайын жақсарту үшін жетекші футболшысын сатуға мәжбүр болуы мүмкін.

Туриндіктер Гринвуд трансферін қаржыландыру үшін Франсишку Консейсауды сатады деп күтілуде. Португалиялық вингерге Англияның «Ливерпуль» және «Манчестер Юнайтед» клубтары қызығушылық танытуда.

«Ювентус» Консейсау үшін барлығы 39 миллион еуро жұмсаған болатын. Енді клуб оны 50 миллион еуроға сатып, түскен қаражатты толығымен Гринвуд трансферіне бағыттауды көздеп отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Ювентус» клубы «Марсель» шабуылшысы Мейсон Гринвудты трансферлемекші