date

Samsung компаниясы ескі Galaxy S10 сериясы үшін күтпеген жаңарту шығарды

Samsung компаниясы ескі Galaxy S10 сериясы үшін күтпеген жаңарту шығарды

"Samsung" компаниясы қолдау мерзімі үш жыл бұрын аяқталған "Galaxy S10" сериясындағы смартфондар үшін күтпеген бағдарламалық жаңартуды жариялады. G97x0ZHU8HZB1 нөмірлі жаңа прошивка әзірге Қытай және Гонконг нарықтарындағы "Galaxy S10e", "Galaxy S10" және "Galaxy S10+" модельдері үшін ұсынылды.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Жаңа пакеттің көлемі 163 МБ құрайды және ол өзіне жаңа қауіпсіздік патчтарын қоспаған. Құрылғылар әлі де 2023 жылғы ақпан айындағы қауіпсіздік жүйесінде қалып отыр.

Ресми мәліметтерге сәйкес, бұл жаңарту тек жүйе тұрақтылығын арттыруға және құрылғының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарламалық жасақтаманы орнатқан пайдаланушылардың айтуынша, смартфондардың жұмысында айтарлықтай оң өзгерістер байқалған. Атап айтқанда, мәзір мен қосымшаларды ашу процесі әлдеқайда бірқалыпты және жылдам бола бастаған.

Бұл аталған серия үшін соңғы екі жыл ішіндегі екінші жоспардан тыс жаңарту болды.

Еске сала кетейік, "Galaxy S10" сериясы 2019 жылы "Android 9" операциялық жүйесімен сатылымға шыққан болатын. Кейіннен бұл құрылғылар 2022 жылы "Android 12" және "One UI 4.1" интерфейсіне дейін жаңартылды.

Әзірге бұл прошивканың басқа аймақтарда таратылуы бойынша ресми ақпарат жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Samsung компаниясы ескі Galaxy S10 сериясы үшін күтпеген жаңарту шығарды