date

Ресей АҚШ-ты ескертті

Ресей АҚШ-ты ескертті

Ресей АҚШ-тың Украинаға Tomahawk зымырандарын беру ықтималдығы соғысты одан әрі ушықтыруы мүмкін екенін айтты. Кремль өкілдері мұндай қадам тікелей қақтығыс қаупін арттыратынын атап өтті.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, негізгі сұрақ – бұл зымырандарды кім ұшырады, тек украиндар ма әлде америкалық әскерилер де қатыса ма. Оның пікірінше, мұндай шешім терең талдауды талап етеді және қауіп деңгейін арттырады.

Ресей парламенті қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картаполов та АҚШ мамандары Украинаға зымырандарды ұшыруда көмектессе, олар Мәскеу үшін нысанаға айналатынын айтты. «Ешкім оларды қорғай алмайды», – деді ол.

Сонымен бірге, Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев те Еуропаны ескертіп, мұндай шешім ядролық қатерді күшейтуі мүмкін екенін еске салды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Ресей АҚШ-ты ескертті