date

Иран астанасын Тегераннан көшіру: экологиялық және экономикалық қажеттілік

Иран астанасын Тегераннан көшіру: экологиялық және экономикалық қажеттілік

Иран президенті Масуд Пезешкиан Хормузган облысының кәсіпкерлерімен өткізген кездесуде ел астанасын Тегераннан көшіру мәселесін тағы да көтерді. Оның айтуынша, астананы Тегераннан көшіру - бұл таңдау емес, қажеттілік.

"Мен Жоғарғы басшыға (Әли Хаменеи) астананы Парсы шығанағы жағына көшіру қажеттігін айттым. Басқа амалымыз жоқ, солай етуге мәжбүрміз, осылай кете берсек, проблемалар көбейеді. Су қорымыз күннен-күнге азайып барады, соңғы кездері жердің шөгуі байқалады. Тегеранның кейбір аудандарында бату 30 сантиметрге жетті," - деді Иран президенті.

Пезешкиян президент болғалы бері астананы көшіру туралы талай рет айтқан. Оның пікірінше, елдің бас қаласы оңтүстікте, теңіз жағасында орналасуы керек. Бұл экономикалық және саяси ғана емес, экологиялық мәселе. Тегерандағы су тапшылығы, ауаның ластануы және топырақтың шөгуі сияқты үлкен проблемалар, сөзсіз, маңызды мәселелерге айналды.

Тегеран - Иранның ең үлкен қаласы, халқы 13 миллионнан асады. 1795 жылдан бері елдің астанасы. Астананы басқа жерге көшіру мәселесі Иранда өз уақытында бірнеше рет талқыланған, 2009, 2013 және 2017 жылдары да бұл тақырыптағы пікірталастар күн тәртібіне шығарылған.

Иран президентінің бүгінгі ұсыныстары қаланы көшіру қажеттілігін айқындай түседі. Астананы Парсы шығанағына көшіру ел экономикасы үшін ғана емес, экологиялық тұрақтылық пен ұзақ мерзімді су қорларын сақтау үшін де маңызды қадам болмақ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Иран астанасын Тегераннан көшіру: экологиялық және экономикалық қажеттілік