date

Хиджаб кимеген әйелдер енді жазаланбайды - Иранда жаңа қаулы

Хиджаб кимеген әйелдер енді жазаланбайды - Иранда жаңа қаулы

Иран үкіметі мәжбүрлі хиджаб туралы заңның орындалуын уақытша тоқтатты, деп хабарлады жергілікті БАҚ. Енді хиджаб кимеген әйелдер айыппұл немесе басқа да жазаға тартылмайды. Бұл шешім елдегі саяси қысым, кең қоғамдық наразылық және халықаралық сынның аясында қабылданды.

Ақпарат үшін, 2023 жылдың соңында Иран парламенті "Хиджаб пен тазалықты насихаттау арқылы отбасын қолдау" туралы заңды қабылдаған болатын. Онда хиджаб кимеу жағдайлары үшін үлкен айыппұлдар мен қылмыстық жазалар қарастырылған, сондай-ақ әйелдермен жұмыс істейтін ұйымдарға да санкциялар енгізілді.

Алайда 2024-2025 жылдары бұл заңның іс жүзіндегі орындалуы Иран Жоғарғы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша тоқтатылды. Парламент спикері Мұхаммед-Бағир Қалибоф бұл шешімді ресми түрде растады. Үкімет заңның орындалуы қоғамда қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін тереңірек зерттеуді мақсат еткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Хиджаб кимеген әйелдер енді жазаланбайды - Иранда жаңа қаулы