date

Африкада тырысқақ індеті: 7 мыңға жуық адам қайтыс болды

Африкада тырысқақ індеті: 7 мыңға жуық адам қайтыс болды

Африка құрлығында холера індеті кеңінен таралуда, деп хабарлады Африка CDC.

2025 жылдың басынан бері бұл инфекция 23 елде анықталған. Ресми мәліметтерге сәйкес, 297 мыңнан астам адам ауру жұқтырған, олардың шамамен 7 мыңы қайтыс болған. Өлім деңгейі 2,3 пайызды құрайды.

Ең ауыр жағдай Ангола мен Бурунди елдерінде байқалуда. Ресми тұлғалар бұл мемлекеттердегі санитарлық жүйенің әлсіздігі мен таза ауыз су тапшылығы ахуалды одан әрі қиындатып отырғанын айтады.

Оңтүстік Судан, Судан және Конго Демократиялық Республикасы елдерінде соңғы апталарда жағдай біршама жақсарғанымен, бұл мемлекеттер әлі де жоғары қауіп аймағында қалып отыр. Сарапшылар нөсер жауын-шашын әсерінен індеттің жыл соңына дейін одан әрі таралуы мүмкін екенін ескертеді.

Холера — Vibrio cholerae бактериясы арқылы тарайтын ішек инфекциясы, ол көбіне лас су немесе тағам арқылы жұғады.

Әлем бойынша 32 елде 518 мыңнан астам жағдай тіркеліп, 6,5 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Дәрігерлер халықты жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауға, тек таза ауыз су пайдалануға және күмәнді тағам өнімдерінен сақтануға шақырады. Денсаулық сақтау жүйелеріне індетке қарсы шұғыл шараларды күшейту ұсынылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Африкада тырысқақ індеті: 7 мыңға жуық адам қайтыс болды