date

Солтүстік Корея АҚШ санкцияларына қатаң жауап берді

Солтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттары арасындағы саяси шиеленіс қайта өршіді. Пхеньян ресмилері Вашингтон тарапынан енгізілген кезекті санкцияларға қатаң мәлімдемемен жауап берді. Бұл туралы елдің орталық ақпарат агенттігі хабарлады.

Мәлімдемеде айтылғандай, АҚШ-тың қысым, қауіп-қатер және алдау арқылы нәтижеге жету саясаты Корея Халық Демократиялық Республикасы (КХДР) үшін ешқандай ықпал күші жоқ.

"АҚШ санкциясы біздің ойлау жүйемізге де, еліміздің саяси ұстанымына да әсер етпейді. Бұл Вашингтонның КХДР-ға қатысты сәтсіз саясатының тағы бір дәлелі ғана," - делінген Солтүстік Корея сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Ин Чхордың мәлімдемесінде.

Пхеньян сондай-ақ санкциялар арқылы ықпал етуді "ақымақ әрекет" деп атады және АҚШ-тың "дұшпандық ұстанымына" лайықты жауап беретінін мәлімдеді.

Солтүстік Корея Вашингтон қолданатын қысым саясаты тек қақтығысты күшейтеді және ешқандай дипломатиялық нәтиже бермейді деп санайды.

Ақпарат үшін, үстіміздегі жылдың 4 ноябрінде АҚШ Қаржы министрлігі киберқылмыс пен ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қаржыны заңсыз иемденуде айыпталған сегіз Солтүстік Корея азаматы мен екі заңды тұлғаға қатысты санкция енгізген еді.

Бұл әрекет бұған дейін де Пхеньян үшін негізгі айыптаулардың бірі болған. АҚШ өкілдерінің мәліметінше, Солтүстік Корея хакерлері 2017 жылдан бері кибершабуылдар арқылы үш миллиард доллардан астам криптовалютаны ұрлап үлгерген. Мұндай шабуылдарды КХДР барлауымен байланысты арнайы топтар жүзеге асырып жатқаны айтылады.

Солтүстік Корея мен АҚШ қарым-қатынасы 2018-2019 жылдары Ким Чен Ын мен Дональд Трамптың үш кездесуінен кейін айтарлықтай салқындады. Екі тарап та сол кезде дипломатиялық жолмен келіссөздер жалғасатынын білдіргенімен, кейіннен Пхеньян диалогтан бас тартты.

Биыл Трамп Азия сапары барысында Ким Чен Ынмен тағы да кездесуге ниет білдірген, бірақ бұл жоспар жүзеге аспады. Ал қыркүйек айында Солтүстік Корея басшысы АҚШ-ты "Пхеньяннан ядролық бағдарламадан бас тартуды талап етпеуге" шақырды.

Сонымен қатар, Солтүстік Кореяның Ресеймен әскери ынтымақтастығы туралы ақпарат көбейіп келеді. Халықаралық сарапшылардың

Сонымен қатар, Солтүстік Кореяның Ресеймен әскери ынтымақтастығы туралы ақпарат көбейіп келеді. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Пхеньян Украинадағы соғыста Мәскеуге әскери күшпен көмектесіп жатыр. Оңтүстік Корея ұлттық барлау қызметінің мәліметінше, Ресей-Украина шекарасы маңында шамамен 10 мың солтүстіккореялық әскер орналастырылғаны, сондай-ақ жақында тағы 5 мың әскер жіберілгені туралы хабар тарады.

Ким Чен Ын әкімшілігі Вашингтонның санкциялық қысым арқылы саяси үстемдікке қол жеткізуге деген талпынысын жоққа шығара отырып, халықаралық аренада өзінің тәуелсіз саяси жолын тағы бір рет атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Солтүстік Корея АҚШ санкцияларына қатаң жауап берді