date

Баффет кетеді: Berkshire-дағы басшылықты енді Абель қабылдайды

Баффет кетеді: Berkshire-дағы басшылықты енді Абель қабылдайды

Уолл-стриттің «тірі аңызы» саналатын Уоррен Баффет Berkshire Hathaway-дегі бас директор (CEO) қызметінен кетіп жатыр. Шетелдік БАҚ дерегінше, компанияның «тізгіні» 63 жастағы Грег Абельдің қолына өтеді.

Мәліметтерге қарағанда, 95 жастағы Баффет CEO міндетінен кеткенімен, Berkshire-де директорлар кеңесінің төрағасы (chairman) ретінде қалады және Омахадғы кеңсесінен жұмысын жалғастырады.

Грег Абель компанияға бөтен емес: ол бұрын Berkshire Hathaway Energy-ді басқарған, кейін сақтандырудан тыс бағыттардағы бизнеске жауапты жетекші ретінде еңбек еткен. Енді оған тұтас «империя» мұра болып отыр — ең үлкен сұрақтардың бірі: Berkshire-дің орасан қолма-қол қоры не істеледі.

Berkshire Hathaway-дің өзі жай компания емес — тұтас экожүйе. Оның теміржолы (BNSF), сақтандыруы (Geico) және әртүрлі брендтерден тұратын ірі портфелі бар. Ал Баффет бір кездері тоқыма фабрикасы болған компанияны жылдар бойы инвестициялық алыпқа айналдырды.

Қызығы, 2024 жылдың тамызында Berkshire-дің нарықтық капитализациясы 1 трлн доллардан асып, технология секторынан тыс алғашқы америкалық компаниялардың бірі ретінде тарихқа енген еді.

Баффеттің жеке жолы да бөлек тақырып: хабарларға сүйенсек, ол қайтыс болғаннан кейін жиналған байлық балалары басқаратын жаңа қайырымдылық қорына бағытталатынын айтқан.

Қысқасы, Berkshire үшін жаңа дәуір басталып жатыр: енді нарық «Абель Баффет деңгейіндей байыпты әрі алысқа көз жібере ала ма?» деген сұраққа жауап іздейді. Бірақ бір нәрсе анық — бұл ауыс-түйіс шу емес, тарихи бетбұрыс.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Баффет кетеді: Berkshire-дағы басшылықты енді Абель қабылдайды