date

Тебризде коменданттық сағат: азаматтарға шығуға тыйым салынды

Тебризде коменданттық сағат: азаматтарға шығуға тыйым салынды

Иранның Тебриз қаласында әскери жағдай енгізілді. Мәліметтерге қарағанда, қалада азаматтарға сағат 20:00-ден кейін көшеге шығуға қатаң тыйым салынған.

Бұл туралы Azad Iran Telegram-арнасы хабарлады.

Хабарға қарағанда, Тебриздегі Үлкен базар, сондай-ақ негізгі азық-түлік дүкендерінің жұмысы тоқтатылды. Кейбір шағын сауда орындары белгіленген уақытта жұмыс істесе де, тұрғындардың бірінші қажеттілік тауарларына қолжетімділігі шектеулі.

Иранның ұлттық валютасы - риалдың күрт құнсыздануынан кейін елде наразылық акциялары өршігені атап өтілді. Осы көтерілістерді басу мақсатында қауіпсіздік күштері атыс қаруын қолданғаны хабарланды.

Дәл осы жағдайға байланысты Тебриз қаласында коменданттық сағат енгізілгені айтылады. Сонымен қатар, АҚШ тарапынан ықтимал әуе соққыларының қаупі де шектеулерді күшейту себептерінің бірі ретінде айтылуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Тебризде коменданттық сағат: азаматтарға шығуға тыйым салынды