date

Сауд Арабиясы әлемдегі ең биік ғимарат Rise Tower-ді салады

Сауд Арабиясы әлемдегі ең биік ғимарат Rise Tower-ді салады

Сауд Арабиясы әлемдегі ең биік ғимарат - Rise Tower-ді салуға кірісіп жатыр. Мәліметтерге қарағанда, бұл архитектуралық ғажайыптың биіктігі 2000 метр болады. Бұл қазір рекордшы болып тұрған Дубайдағы Бурдж Халифа (828 метр) мұнарасынан екі есе дерлік биік деген сөз.

Гигант ғимарат 678 қабаттан тұрады, онда сәнді қонақүйлер, жоғары дәрежелі мейрамханалар, панорамалық бақылау алаңдары және заманалық бизнес орталықтары орналасады.

Time Out Dubai басылымының жазуынша, Rise Tower жобасы Сауд Арабиясы үкіметінің Vision 2030 стратегиясының маңызды бөлігі. Бұл бағдарлама корольдік экономикасын мұнайға тәуелділіктен шығаруға, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым және қызмет көрсету салаларын дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ, бұл қала құрылысы жоспары Эр-Риядтың солтүстігінде орналасқан 2 шақырымдық зәулім мұнараны ғана емес, Жидда қаласында салынуы жоспарланған тағы бір 1 шақырымдық үлкен ғимаратты да қамтиды.

Осы жобалар арқылы Сауд Арабиясы урбанистік революцияға батыл қадам жасауда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Сауд Арабиясы әлемдегі ең биік ғимарат Rise Tower-ді салады