date

Ойынсүйер қауым назарына! PlayStation Еуропада қымбаттап жатыр

Ойынсүйер қауым назарына! PlayStation Еуропада қымбаттап жатыр

Sony компаниясы Еуропада PlayStation ойын консольдерінің бағасын көтеру туралы шешім қабылдады - құрылғылар 14-18 пайызға қымбат болады.

Бұл туралы Wccftech басылымы Gyo есімді ішкі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, Sony Еуропадағы сауда нүктелерін бағаны қайта қарау туралы алдын ала ескерткен. Нәтижесінде PlayStation консольдері енді шамамен 30-100 еуроға, яғни 14-18 пайызға жоғары бағада сатылады.

Сарапшылар бағаның өсуі жаһандық экономикалық жағдайларға, валюта бағамының өзгеруіне және өндіріс шығындарына байланысты болуы мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар, Sony бұл өзгерістерге дайын болу үшін пайдаланушыларды алдын ала хабардар етті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ойынсүйер қауым назарына! PlayStation Еуропада қымбаттап жатыр