date

Бүгін Жерге жақын жерден алып астероид ұшып өтеді

Бүгін Жерге жақын жерден алып астероид ұшып өтеді

Еуропалық ғарыш агенттігінің (European Space Agency) мәліметінше, жақында анықталған 2026JH2 астероиды бүгін, 18 мамырда Жердің жанынан қауіпсіз түрде ұшып өтеді. Бұл туралы CNN хабарлады.

Аризона штатының Тусон қаласындағы Маунт-Леммон зерттеу орталығының астрономдары бұл ғарыш денесін 10 мамырда бақылап, оған 2026JH2 атауын бергені хабарланды. Астероид «Аполлон» класына жатады және Күнді Жер орбитасымен қиылысатын траектория бойынша айналып өтеді.

Ғалымдардың есебі бойынша, астероид Жерге ең жақын нүктеде шамамен 91 мың 593 шақырым қашықтыққа дейін жақындайды. Бұл Жер мен Ай арасындағы қашықтықтың шамамен 24 пайызына тең және геосинхронды спутниктердің орбитасынан да әлдеқайда алыс саналады.

Ричард Бинзел астероид салыстырмалы түрде жақын қашықтықтан өтсе де, оның ешқандай қауіп төндірмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай шағын ғарыш денелері Жердің жанынан жиі ұшып өтеді және бұл қалыпты астрономиялық құбылыс.

Мамандардың мәліметінше, 2026JH2 Марс пен Юпитер арасындағы астероидтар белдеуінен келген. Әзірге оның нақты өлшемі толық белгісіз. Өйткені оптикалық телескоптар негізінен нысанның жарықтығын ғана тіркейді.

Болжам бойынша, астероидтың диаметрі 15 метрден 30 метрге дейін болуы мүмкін.

Ғалымдар бұл жақындауды қауіпті жағдай емес, кезекті қарапайым ғарыштық құбылыс ретінде бағалайды. Сонымен қатар, шағын астероидтардың қозғалысы уақыт өте келе өзгеруі мүмкін болғандықтан, олардың болашақ орбитасын дәл болжау қиын екені де айтылуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Бүгін Жерге жақын жерден алып астероид ұшып өтеді