date

Франциялық AMF реттеушісі MiCA лицензиясы үшін 30 маусымды соңғы мерзім етіп белгіледі

Франциялық AMF реттеушісі MiCA лицензиясы үшін 30 маусымды соңғы мерзім етіп белгіледі

Францияның Қаржы нарықтары басқармасы (AMF) елде лицензиясыз жұмыс істеп жатқан крипто компанияларды ескертті. Оған сәйкес, компаниялар 30 маусымға дейін тиісті рұқсат қағаздарын алуы немесе ел нарығынан кетуі тиіс. AMF президенті Мари-Анн Барба-Лаяни бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында белгіленген мерзімге дейін лицензия ала алмаған компаниялардың клиенттерді басқа платформаларға ауыстыру және өз қызметін тоқтату бойынша нақты жоспарлары болуы керектігін атап өтті. Бұл туралы Cointelegraph.com хабарлайды.

Еуропалық Одақтың Крипто-активтер нарығы (MiCA) реттеу шеңберіне сәйкес, крипто қызметін көрсетуші провайдерлер жұмыс істеу үшін лицензияға ие болуы міндетті. Бұл жүйенің артықшылығы сол, компания Еуропалық Одақтың 27 мүше мемлекетінің бірінде лицензия алса, ол осы құжат арқылы басқа барлық мүше мемлекеттерде де еркін қызмет көрсету (passporting) құқығына ие болады.

MiCA мерзімдері жақындаған сайын, Еуропалық Одақ елдері арасында лицензиялау талаптары мен бақылауды орталықтандыру бойынша даулар күшейіп келеді. Атап айтқанда, крипто ережелерін қадағалау өкілеттігін Парижде орналасқан Еуропалық бағалы қағаздар және нарықтар басқармасына (ESMA) тапсыру мәселесі сынға алынуда. Сыншылардың пікірінше, бақылаудың бір жерге шоғырлануы ұлттық реттеушілердің өкілеттіктерін шектеп, лицензияларды өзара тану процесіне қауіп төндіруі мүмкін.

Мальта Қаржы қызметтері басқармасының (MFSA) өкілі MiCA құрылымын өзгерту әлі ерте екенін білдірді. Оның айтуынша, реттеушілерге 2024 жылы заңды күшіне енген MiCA әсерін бағалау үшін уақыт қажет. Сонымен қатар, Еуропалық Комиссияның кеңесшісі Питер Керстенс 2026 жылы крипто индустриясы одан әрі дамыған кезде MiCA ережелеріне жаңа талаптар қосылуы немесе қолданыстағы ережелер қайта қаралуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Франциялық AMF реттеушісі MiCA лицензиясы үшін 30 маусымды соңғы мерзім етіп белгіледі