date

Танымал актер Джеки Чанның өзбек тақиясын киген видеосы желіде тарады

Танымал актер Джеки Чанның өзбек тақиясын киген видеосы желіде тарады

Әлеуметтік желілерде танымал актер Джеки Чан қатысқан видео кеңінен таралуда. Онда өзбек блогерлерінің бірі актерге Өзбекстанның ұлттық тақиясын сыйға тартқаны көрсетілген.

Видеода Джеки Чанның сыйлықты шынайы күлкімен қабылдап, блогермен жылы қарым-қатынаста болғаны көрінеді. Содан кейін блогер актерден тақияны басына киіп көруді сұраған.

Танымал актер бұл өтінішті қуана қабылдап, ұлттық тақияны киген күйі суретке де түсті. Бұл сәттер қысқа уақыт ішінде әлеуметтік желілерде танымал болып кетті.

Пайдаланушылар пікірлерде Джеки Чанның шынайылығы мен өзбек ұлттық құндылықтарына деген құрметін ерекше атап өтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Танымал актер Джеки Чанның өзбек тақиясын киген видеосы желіде тарады