date

«Ливерпуль» Ян Диоманде үшін 100 миллион еуро төлейді

"Ливерпуль" Ян Диоманде үшін 100 миллион еуро төлейді

Англиялық «Ливерпуль» клубы мысырлық шабуылшы Мохамед Салахтың орнын басатын лайықты үміткер тапты. Мерсисайдтықтар Германияның «РБ Лейпциг» командасының шабуылшысы Ян Диоманде трансфері үшін кез келген шараны жасауға дайын. 19 жастағы футболшы осы маусымның соңында командадан кетеді деп күтіліп отырған Салахтың негізгі мұрагері ретінде қарастырылуда. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Мәліметтерге сәйкес, «Ливерпуль» басшылығы мен Диоманденің агенттігі арасында нақты келіссөздер басталған. Кот-д’Ивуарлық талант иесінің неміс клубымен 2030 жылға дейін келісімшарты болғандықтан, оның трансферлік құны 100 миллион еуродан асады деп күтілуде. Егер бұл келісім жүзеге асса, Диоманде Бундеслига тарихында 100 миллиондық межеден өткен бесінші футболшы атанады.


Жас шабуылшы осы маусымда 32 матчқа қатысып, 13 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанды. Оның қызметіне франциялық «ПСЖ» мен германиялық «Бавария» клубтары да қызығушылық танытуда. Алайда футболшының өзі бала кезінен «Ливерпуль» жанкүйері екенін және «Энфилдте» өнер көрсету оның ең үлкен арманы екенін атап өткен.

Қазіргі уақытта «Ливерпуль» Англия Премьер-лигасында бесінші орында тұр және Чемпиондар лигасы жолдамасы үшін күресуде. Команда соңғы турда «Эвертонды» 2:1 есебімен жеңіп, өз мүмкіндіктерін жақсартты. Салах болса, наурыз айының соңында келісімшартының аяқталуына бір жыл қалғанда командадан кететінін ресми түрде жариялаған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Ливерпуль» Ян Диоманде үшін 100 миллион еуро төлейді