date

Нью-Йорк қаласы алғаш рет мұсылман мэрін сайлады

Нью-Йорк қаласы алғаш рет мұсылман мэрін сайлады

Нью-Йорк тарихында алғаш рет мұсылман мэр сайланды, деп хабарлады Associated Press.

Демократиялық партияның кандидаты Зохран Мамдани АҚШ президенті қолдаған тәуелсіз үміткер Эндрю Куомоны сенімді түрде жеңіп шықты. 34 жастағы саясаткер қала тарихындағы ең жас әрі алғашқы мұсылман мэр атанды.

Сайлауалды науқан кезінде Мамдани тұрғын үй жалдау бағасын бақылауға алу, автобустарда тегін жүру жүйесін енгізу және бала күтімі қызметтерін қолжетімді етуге уәде берген еді.

Алайда оның жеңісі бәріне ұнаған жоқ. Дональд Трамп сайлау алдындағы мәлімдемесінде Мамдани жеңіске жетсе, Нью-Йоркке бөлінетін федералдық қаржыландыруды қысқартатынын айтып, жақтастарын тәуелсіз үміткер Куомоға дауыс беруге шақырды.

Дауыс беру 4 қараша күні өтті. Мамдани Куомо мен Республикалық партияның кандидаты Кёртис Сливаны артта қалдырды. Ол өз сөздерінің бірінде Трамп пен Куомоның саяси ұстанымдарының ұқсастығын сынға алып, былай деген:

«MAGA қозғалысының Эндрю Куомоны қолдауы Дональд Трамптың оны өзіне ең тиімді мэр деп санайтынын көрсетеді. Олардың демеушілері бірдей, дүниетанымы тар және жазасыздық сезімі ортақ», — деді Мамдани.

Нью-Йорк Есеп палатасының мәліметінше, қала жыл сайын шамамен 7,4 миллиард доллар федералдық қаржы алады, бұл қалалық бюджеттің 6,4 пайызына тең. Трамп өз президенттігі кезінде бірнеше рет саяси себептермен кей бағдарламалардың федералдық қаржыландыруын тоқтатамын деп қорқытқан болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Нью-Йорк қаласы алғаш рет мұсылман мэрін сайлады