date

Джо Байден алатын жылдық жәрдемақы көлемі жарияланды

Джо Байден алатын жылдық жәрдемақы көлемі жарияланды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден жыл сайын шамамен 417 мың доллар зейнетақы алады. Бұл туралы The New York Post басылымы хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, Байденге төленетін зейнетақы оның президенттік кезіндегі ресми жалақысынан да жоғары. Сондай-ақ бұл сома Барак Обама алатын зейнетақыдан екі есеге жуық көп екені айтылған. Айтуынша, Байденнің зейнетақысы президент ретінде алған жылдық жалақысынан 17 мың долларға артық.

Мақалада айтылғандай, экс-президентке белгіленген жоғары зейнетақы оның көпжылдық саяси қызметімен байланысты. Атап айтқанда, ол отставкаға шыққаннан кейінгі алғашқы жылдан бастап екі түрлі мемлекеттік зейнетақы қорынан төлем алуға құқылы. Салық төлеушілерді қорғау ұлттық қорының вице-президенті Демиан Брэдидің айтуынша, Байден өзінің саяси қызметіне байланысты "бірегей мәртебеге" ие.

Ақпарат үшін, Джо Байден өз қызметі барысында сенатор, вице-президент және президент қызметтерін атқарған, дәл осы тәжірибе оның зейнетақы мөлшерін қалыптастыруда маңызды фактор ретінде бағаланады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Джо Байден алатын жылдық жәрдемақы көлемі жарияланды